1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл – күй
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні» орындалады.
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудың үні қандай?!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдықта асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы –
Балабақшадан басталады.
Жүргізуші: Қымбатты балалар. құрметті ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!
Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «167 бөбекжай балабақшасының» менгерушісі: Аршимбаева Советхан Ибинжановнаға беріледі.
Жүргізуші:
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
Балалардың орындауында: «Балабақша» әні
Жүргізуші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына байланысты тақпақтарын тыңдап көріңіздер.
1-бала:Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
2-бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
3 бала: Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.
4-бала :Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.
5-бала :Сәлем саған балабақшам,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие,
Ой санама еккенің
Көңілді музыкамен Жалқаубек келеді.
Жалқаубек: О, мұнда балалар көп екен! Жақсы болды! Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?
Балалар: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке! Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
Жалқаубек: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не? Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, мына сөмкемнің ішіндегі оқу құралдары мен ойыншықтары араласып кетіпті, соны ажыратуға көмектесесіңдер ме?
Ойын: Кім жылдам?
Шарты: Оқу қуралдарын бөлек, ойыншықтарды бөлек жинау,
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер, білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған кезекті бір әніне кезек берейік.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаны!
Ән: Каусар мен Даулеттің орындауында: «Ұстаз ана» әні
Жүргізуші:
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Би: «Бипыл » биімен қыздарымызды ортаға шақырсақ.
Жүргізуші:2020-2021 жылы жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу сәті де келіп жеткен сияқты.Ендеше көп ойланбай алғашқы қоңырау соғу құрметін кішкентай бөбектеріміз Конкашова Айлунаға сеніп тапсырайық!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Жүргізуші:Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, аяулы бүлдіршіндер!
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз
құтты болсын!
Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпіз.
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам -ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!