Тайтелиева Гульзат Кадирбековна » КГКП "Ясли - сад №167"
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Ясли-сад №167»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7(727) 380-12-52
Методист:
+7(747) 572-18-62
Версия для
слабовидящих
» » » Тайтелиева Гульзат Кадирбековна
16
сентябрь
2021

Тайтелиева Гульзат Кадирбековна

Тайтелиева Гульзат Кадирбековна 14.01.1965 жылы туылған, білімі жоғары, 1987 жылы қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының мектепке дейінгі педагогика және психология мамандығы бойынша бітірді. Педагогикалық өтілі 28 жыл.
 Тайтелиева Г,К. еңбек жолын 1987 жылы  Жамбыл облысы Шу ауданы Тасөткел орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1992 жылдан бастап, 1995 жылға дейін  осы аталған  мектепте тәрбие жөніндегі директордың орынбасары  болып қызмет атқарды. 1995жылдың  сентябрь  айынан бастап №15 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі  қызметінде жұмыс атқарған. 1999-2000 жыл аралығында  Тараз қаласында колледжде психология және педагогика оқытушы қызметін атқарды. 2000-2010 жыл аралығында  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде  оқытушы қызметінде жұмыс жасады. 2010-2011 жыл аралығында   ТарМПИ  Мәдениет және өнер колледжінде компьютерлік сыныптар операторы қызметін атқарды.2011-2018 жыл аралығында  Тараз қаласы №26 орта мектеп жанынан ашылған шағын орталығында әдіскер қызметін атқарды.2018-2019 жыл аралығында  Алматы қаласы  Алатау ауданы №165 бөбекжай-балабақшасында дене шынықтыру жетекшісі, психолог қызметін атқарды.2019-2021  жыл аралығында Алматы қаласы  Әуезов ауданы №135 бөбекжай –балабақшасында әдіскер қызметін атқарды. 2021жылы август айында Түрксіб ауданы №167 бөбекжай –балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Гульзат Кадирбекқызы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу әдістерін толық меңгерген және үнемі ізденіс үстінде болуына байланысты қызметкерлерге, тәрбиешілерге орынды талап қойып, дер кезінде нәтижелі істер тапсырып, бақылып отырады. Ол жұмыс барысында ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» Заңдарын, «Еңбек кодексін», «Балалар құқығы туралы» Конвенцияны, басқа да заңдарды басшылыққа алады. Сонымен, қатар ҚР Мемлекеттік білім беру стандартына сай оқыту мен тәрбиелеуді іске асырауда жан-жақты еңбек етіп келеді.
 Өз білімін және біліктілігін жетілдіру мақсатында  2019 жылы  Алматы  қаласындағы «Білім беру  және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы» ұйымдастыруымен өткен « Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруда инновациялық технологияларды пайдалану әдістемесі» педагогикалық  семинарға қатысып, өз білімін көтерді. 27.05.2020 жылы  AGENTUR FUR INTERNATIONALE BILDUNGSZUSAMMENARBEIT E.V. ұйымдастыруымен Германияда өткен «Особенности дошкольного образования в Германии » тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификат алды.2020 жылы  13 июнь ҚР Білім және Ғылым министрлігінің шет елдің мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарымен іс- тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырған  Токио қаласы Япония елінде өткен «Влияние образовательной среды на обучение на примере детского садика FUJI KINDERGARTEN» тақырыбындағы интернационалды конференцияға қатысты.Еліміздің ең үздік педагог кадрларын дайындайтын Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінде өткізілген  «Инклюзивті білім беру үдерісін әдістемелік қолдау »курсқа  қатысып, 72 сағат көлемінде  сертификат алды. 
 Өз тәжірбиесі ойынша жинаған ой-пікірлерін «Отбасы және балабақша», «Білім нұры», «Біз театр ойнаймыз» атты авторлық бағдарлама  авторы.
 Г.Кадирбековна  білім беру саласына қосқан үлесі үшін  Атадан-мұра қоғамдық қоры  Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін , «Лучший ұстаз» төсбелгісінің иегері.

Похожие публикации:

07 октябрь 2019 Тәрбиеші
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив